Әзербайжанда сәрсенбі күні өткен президенттік сайлауда Ильхам Әлиев 82,71 процент дауыс жинады, деп хабарлайды Trend.
«ELS тәуелсіз зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігі елдегі президенттік сайлау кезіндегі exit poll нәтижелерін жариялады. Exit poll Әзербайжанның 118 сайлау округіндегі 300 сайлау учаскесінде жүргізілген. Оған электрондық технологиялар мен арнайы бағдарламалар қолданылған.
«ELS тәуелсіз зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ирада Ягубованың айтуынша, Exit poll-дан бас тартқан сайлаушылардың саны Бакуде 12-15 процент, ел өңірлерінде 3-4 процент деңгейінде болған.
Ол сондай-ақ, сайлау кезінде дауыс берушілердің белсенділігі 68,7 процентті құрағанын атап өтті.
Қазіргі сәтте дауыс беру аяқталған. Президенттік сайлауға 8 кандидат қатысты. Оның 6-ауы саяси партиялар атынан ұсынылды. 1-еуі - өзін-өзі ұсынған үміткер, енді біреуі бастамашыл топтың атынан қатысты.
Дереккөз: inform.kz