РФ Кемерово облысының халық депутаттары кеңесінің депуттары бүгін өткізген кезектен тыс сессия кезінде Кузбасс парламентінің төрағалығына Аман Төлеевтің кандидатурасын бірауыздан қолдады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Облыстық кеңесті 2016 жылдан бері басқарған Алексей Синицын мерзімінен бұрын отставкаға кетіп, өз орнын Төлеевке босатқан. Депутаттар Синицынның өтінішін қолдап, дауыс беруге мүмкіндік алды.
"Жасырын сайлау түбіртегіне Төлеевтің кандидатурасы қосылды. 39 адам дауыс бере алады, Аман Төлеевті 38 адам қолдап, бір депутат қарсы болды. Жасырын сайлау қорытындысы бойынша Төлеев Аман Гумирович облыстық кеңестің төрағасы болды", - деп оқыды хаттаманы есеп комиссиясын басқарған Валентина Иванченко.
Еске салайық, Аман Төлеев "Зимняя вишня" сауда орталығындағы өрттен кейін отставкаға кеткен болатын. Ресми мәліметтер бойынша, өрт салдарынан 64 адам мерт болды, оның ішінде 41-і бала.
Дереккөз:tengrinews.kz