Атырау, 29 қараша 20:42
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Армения үкіметі отставкаға кетті

2 239 просмотра


Арменияның премьер-министрі Карен Карапетян мемлекет басшысы Армен Саргсянға ел үкіметінің отставкаға кетуі туралы өтінішін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Арменпреске» сілтеме жасап. 

Армен Саргсян бүгін 9 сәуірде ел алдында ант беру рәсімінен кейін Арменя Республикасының 4-ші президенті қызметіне кірісті. Арнайы жиынды парламент спикері Ара Баблоян ашты. Армен Саргсян Армения президенті қызметіне кіріскен соң Карен Карапетян басқаратын үкімет отставкаға кетуі керек. Армения үкіметінің мүшелері жаңа үкімет құрылып болғанша өз міндеттерін атқаруы тиіс. 9-16 сәуір аралығында жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылып, 17 сәуірде ашық дауыс беру арқылы Армения Үкімет басшысы тағайындалады. 

Бұдан кейін 15 күннің ішінде елдегі жаңа үкімет жасақталуы тиіс. Тағайындаудан  кейінгі 5 күннің ішінде Арменияның жаңа премьер-министрі Президентке вице-премьерлер мен министрлердің кандидатураларын ұсынады. Президент үш күндік мерзімде вице-премьерлер мен министрлерді тағайындайды немесе Конституциялық сотқа жүгінеді. 

Егер апелляциялық шағым болса, Конституциялық сот апелляцияны 5 күн ішінде қарайды және шешім қабылдайды. Егер Армения президенті үш күндік мерзімде бұл шарттарды орындамаса, вице-премьерлер мен министрлердің кандидатуралары заңмен мақұлданған деп есептеледі.

Дереккөз: inform.kz

10 сәуір 2018, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.