Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 7000-нан астам адам тұрады. Ауылда «Қазпоштаға» қарайтын екі банкомат бар. Алайда, қалыпты жұмыс жасамауына байланысты тұрғындар уақтылы зейнетақы, түрлі жәрдемақы, еңбекақыларын ала алмай жүр.
Округ әкімдігі кеңсесінде орналасқан «Сағыз-1» пошта бөлімшесіндегі банкомат бірнеше айдан жұмыс жасамайды. Жуырда іске қосқанымен екі күннен соң кері бұзылған.
- Қажетті ақшаларымызды уақытында ала алмаймыз. Әсіресе, зейнетақы алған кезде банкомат бұзылады немесе ішінде ақша болмай сансыратып қояды. Сондай-ақ, кешкі 6-дан кейін пошта ғимаратына кіре алмайсың, - дейді тұрғындар.
- Біз бірнеше рет аудандық пошта торабы бастығына ескерту жасадық. Шынымен, банкоматтан ақша алудың қиындығына тап болып отырған жұртшылық жайын жақсы түсінеміз, - дейді Сағыз селолық округі әкімінің міндетін атқарушы Қуанай ИЗМАҒАНБЕТОВ.
Қызылқоға аудандық пошта байланыс торабының бастығы Тілекқабыл ҒҰБАЙДУЛЛИН былай дейді:
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді және бейнежазбаны түсірген автор