Атырау, 29 қараша 20:48
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Сергей Скрипал мен оның қызы АҚШ-қа қоныс аударуы мүмкін

1 677 просмотра


Британдық «Sunday Times» басылымының хабарлауынша, Британия үкіметі бұрынғы ресейлік барлау агенті Скрипал мен оның қызына жаңа азаматтық беруді қарастырып жатыр. 

Ұлыбритания үкіметі оларға қайталай қастандық жасалудың алдын алу  және жаңа өмірін бастауына мүмкіндік беру үшін Скрипал отбасының АҚШ-қа қоныс аударуына рұқсат бермек.  Бұл туралы VOA ақпараттық агенттігі хабарлады. 

«Sunday Times» басылымының хабарында, Британияның барлау агенттігі Скрипал мен қызының қоныс аудару ісі бойынша АҚШ Орталық барлау агенттігімен келіссөздер жүргізуде. Хабарға қарағанда, Британия үкіметі бұл екі адамның қауіпсіздігі үшін «Бескөзді барлау альянсына» мүше елдердің біріне қоныс аударуын үміт етеді. 

Аталған барлау одағының құрамына Ұлыбританиядан тыс, Канада, АҚШ, Аустралия (Австралия) және Жаңа Зеландия кіреді. 

Екі елдің барлау агенттіктері арасындағы келіссөзге қатысушы британдық лауазымдылардың бірі  «Sunday Times» басылымына берген пікірінде: «Құрама Штат олардың қоныстануы үшін ең жақсы таңдау болар еді. Себебі, Құрама Штатта оларға қастық жасау мүмкіндігі барынша төмен. Бұған қоса, олар жаңа азаматтыққа ие болғаннан кейін, бас амандығы кепілдендіріледі», – деді. 

Дегенмен, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі аталған қоныс аудару ісі туралы түсініктеме бермеді. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

9 сәуір 2018, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.