Атырау, 18 желтоқсан 21:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

Құс өнімдерінен сальмонеллез таяқшалары табылды

3 073 рет қаралды


Атырауда тексеру барысында кейбір ресейлік кәсіпорындар өндірген тауық етінен сальмонелла мен ішек таяқшасы табылды.

«АЖ»-ға қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, «Брянский бройлер», Ставрополь өлкесінен әкелінген «Благояр» мұздатылған өнімдерінде, «СПК Курников» өндірген «Натуральный» тауық фаршы, «Курочкино» ет өңдеуші кәсіпорнының «Достойный выбор» өнімінен де сальмонелла мен ішек таяқшасының бактериалды тұқымдануы анықталған. Бұл бактериялар өткір жұқпалы ауруларға шалдықтырады. Қазіргі кезде тауар сатылымнан алынып тасталды, дистрибьюторларға әкімшілік шаралар алынды.

Фархат ӘБІЛОВ

9 сәуір 2018, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.