Ресми Пхеньян Корей түбегін ядролық қарусыздандыру мәселесінде Вашингтонмен келіссөздер жүргізуге дайын. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап «The Wall Street Journal» басылымы хабарлады.
Дегенмен әзірге Ким Чен Ынның мұндай мәлімдемені қайда және қашан жариялағаны туралы нақты ақпарат жоқ. Еске сала кетейік, наурыз айында Солтүстік Корея президенті Ақ үй басшысымен келіссөз жүргізуге ниетті екенін айтқан болатын.
Көп ұзамай Дональд Трамп та бұл ұсынысты қабылдап, кездесуге келісімін берді. Америкалық басылымдардың хабарлауынша, қос тарап өкілдері президенттердің кездесуіне дайындықты құпия түрде жүргізіп жатыр.
Дереккөз: 24.kz