Кейбір БАҚ-тың мәліметінше, Сирия әуе базасына Ливан арқылы Жерорта теңізімен ұшып өткен зымыранмен шабуыл жасалған
РИА Новостиге АҚШ әкімшілігіне жақын дереккөз Вашингтон Сирияда америкалық әскери операция жүргізілгені туралы ақпаратты жоққа шығаратынын хабарлады.
Дереккөздің айтуынша, Құрама штаттар Сирияға қарсы әскери операция жүргізіп жатқан жоқ.
Ал Израиль әскерилері оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.
Хомс провинциясының шығысындағы Т-4 әуе базасына зымыранмен шабуыл жасалғаны туралы ақпаратты Сирияның САНА ұлттық жаңалықтар агенттігі таратты.
"Аль-Маядин" телеарнасы зымыран Ливан арқылы Жерорта теңізімен ұшып өткенін хабарлады.
Дереккөз: sputniknews.kz