Кенияда жер қақ жарылып, бірнеше шақырымға созылған ор пайда болды. Бұл өңірде жер қыртысының екі тектоникалық плитасы түйісетіні белгілі.
Соңғы кездері аумақта жерасты жанартауларының дүмпулері де жиілеген. Жер қыртысындағы қауіпті сызық жергілікті халық жиі қатынайтын жолды кесіп өтті.
Ғалымдардың айтуынша, бұл жарық Африка құрлығын екіге бөліп тастауы мүмкін. Алайда мұндай жағдай тек 50 миллион жылдан кейін ғана болады. Мұның бәрі әзірге жорамал ғана. Мамандардың кейбірі жердің айырылуын қатты жауынның әсері деп болжайды.
Дереккөз: 24.kz