27 ұялы телефонды, оның құлаққаптарын, қуаттау құрылғылары мен сим-карталарды сотталғандарды жұмыспен қамту және түзеу мекемелерін қамтамасыз етумен айналысатын кәсіпорын қызметкері УГ-157/9 мекемесіне (Атыраудағы орташа қауіпсіз колония) алып өтпек болған.
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлағандай, астыртын жүк ағаш жәшікке мұқият жасырылыпты. Бірақ, тексеру бөлмесінде оларды рентген аппараты тауып алды. Күдікті ұсталып, тергеу жүргізілуде. Бұл соңғы жылдардағы еліміздің пенитенциарлық жүйесіндегі ең ірі «құрықтау» қылмысы екені айтылады.
Фархат ӘБІЛОВ