Атырау, 14 желтоқсан 22:58
 бұлттыВ Атырау -6
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​Ыстамбұлда аурухана отқа оранды

1 916 рет қаралды


Түркияның Ыстамбұл қаласындағы көпқабатты аурухана өртенді. 

Жергілікті арналардың хабарлауынша, от ең жоғарғы қабатта тұтанып, төмен қарай кеулеген. Әзірге қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ. 

Оқиға орнына құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жетіп, науқастарды қауіпсіз жерге шығарып, отты сөндіруге кіріскен. 

Айта кету керек, дәл осы аурухана 7 жыл бұрын да өртенген. Ол кезде нысан ішінде жөндеу жүріп жатқан.

Дереккөз: 24.kz

6 сәуір 2018, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.