Атырау, 29 қараша 20:38
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Бразилияның экс-президенті жемқорлық үшін 10 жылға сотталды

1 967 просмотра


Бразилияның бұрынғы президенті Луис Инасиу Луле да Силва түрмеге қамалады. Мұндай шешім елдің Жоғарғы соты мүшелерінің басым дауысымен қабылданды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent порталына сілтеме жасап.

Бұрынғы президенттің сотты болуы қоғамда үлкен дау туғызғандықтан, бұл сотты тікелей эфир арқылы көрсеткен болатын. Сот үкімін өткен жылы шығарды. Алайда, осы уақытқа дейін адвокаттардың апелляциялық шағымы қарастырылып келді.

Күні кеше ғана Бразилияның Жоғары соты мүшелерінің басым дауысымен елдің экс-президентін қамауға алу туралы нақты үкім шығарылды. Сот отырысындағы 11 судьяның алтауы Луис Силваның абақтыға жабылуын қолдап дауыс берген.

Дауыс беру рәсімі халыққа көрсетіліп, интернетте тікелей эфир арқылы жүргізілді.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың қыркүйегінде Бразилияның бас прокуроры Родриго Жано елдің бұрынғы президенттері Луис Инасиу Луле да Силва мен Дилма Роуссефф Petrobras мемлекеттік мұнай компаниясымен байланысты бірқатар қылмыс жасады деген болатын. Олар сыбайлас жемқорлық пен ақшалай қаражатты жымқырды деп айыпталды.

Дереккөз: Baq.kz

5 сәуір 2018, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.