Атырау, 29 қараша 20:35
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Италияда коалициялық үкіметті құру туралы келіссөздер басталды

1 523 просмотра


Италияда коалициялық үкімет құру туралы ресми келіссөздер басталып кетті. Ел президенті Серджио Маттарелла барлық саяси партия өкілдерімен кеңесулерін бастаған. Мемлекет басшысы саясаткерлерді ымыраға жетуге көндіруі керек, олай болмаса Италияда қайта сайлау өткізуге тура келеді. 

4 наурызда өткен сайлау нәтижесі бойынша саяси күштердің ешқайсысы парламентте басым көпшілікке ие бола алған жоқ. Ал құрамындағы ең ірі партияға популисттік «Бес жұлдызды қозғалыс» айналған. 

Олардың жетекшісі Луиджи Ди Майо премьер-министр орнынан дәм етіп отыр, бірақ үкімет құру үшін өзге саяси күшпен бірігуі керек. Ди Майо бұл жөнінде Маттео Сальвини басқаратын асыра оңшыл «Лигамен» де және солшылцентристтік «Демократиялық партиямен» де келіссөз жүргізуге дайын екенін білдірді. Ал үкімет құруды нақты кімге тапсыруды президент Серджио Маттарелла шешеді. 

Клаудиа Фузани, журналист: – Бұл – ең жауапты сәт. Елді басқару үшін қалай бірікпексіңдер деп президент саяси партия өкілдеріне сұрақ қояды. Себебі күні бүгінге дейін біздің көргеніміз саяси ойын ғана. Сол кезде түрлі мәлімдеме де жасалды, талай уәде де берілді.

Дереккөз: 24.kz

5 сәуір 2018, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.