Facebook төңірегіндегі дау-дамай басылар емес. Компания өкілдерінің айтуынша, Кэмбридж Аналитика компаниясы әлеуметтік желіге тіркелген 87 миллион адам туралы мәліметті заңсыз қолданып келген.
Олардың басым бөлігі – америкалық, миллионнан астам ұлыбританиялық тағы бар. Жергілікті ақпарат құралдарының дерегінше, жиналған ақпарат Дональд Трамптың 2016 жылғы сайлауалды компаниясында пайдаланылған көрінеді.
Басты мақсат – сол кездегі кандидат Трамп туралы адамдардың ойын білу.
Бұл арқылы сайлауалды жарнаманы жасау оңайға түскен. Кейін Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг желіге тіркелгендер туралы мәліметті Кэмбридж Аналитика компаниясы үшін ашық еткенін айтты.
Ал Кэмбридж Аналитика тағылған айыпты мойындаған жоқ. Фирма өкілдері тек 30 миллион адам туралы ақпарат алуға құқығы бар екенін алға тартты. Бұл – Facebook тарихындағы ең ірі жанжалдың бірі.
Дереккөз: 24.kz