Атырау, 29 қараша 20:32
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Франция парламенті қысқаруы мүмкін

1 509 просмотра


Франция үкіметі институциялық реформаның жобасын әзірледі. Ол 2017 жылдың мамыр айынан Эммануэль Макрон ел президенті болған кезден бастап талқыланды. Ұсыныстар тізімінде парламенттің екі палата депутаттарының санын шамамен үштен біріне азайту қарастырылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Кapital.kz сайтына сілтеме жасап.

Жобаны премьер-министр Эдуард Филипп ұсынды. Құжатқа сәйкес депутаттар мен сенаторлардың саны 30% азайтылуы тиіс. Ал 2022 жылғы парламенттік сайлауда парламент мүшелерінің кем дегенде 15% пропорционалды жүйе бойынша сайланады.

Жобаның соңғы нұсқасы бойынша атқарылатын жұмыстар 9 мамырға дейін үкіметте жүргізіліп, кейін Сенатқа ауыстырылады. Жоспар бойынша бірінші оқылым 2018 жылдың соңына дейін өтіп, 2019 жылы қабылдануы керек.

Reuters атап өткендей, конституциялық реформаның жобасы - Францияның орталық үкіметі мен оппозициялық сенат арасындағы келісімнің нәтижесінде орын алып отыр. Мұндай реформалар туралы ұсынысты Макрон билікке келген кезде айтып, елді «түбегейлі жаңа жолмен» өзгертуге уәде берді. Оның айтуынша, бұл жоба парламенттік жұмыстың жалпы сапасына оң әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, ол парламентті қысқарту туралы пікір білдірді. Ұлттық жиналыс мүшелерінің санын 577-ден 385-ке дейін, ал Сенаттың мүшелерін 348-ден 232-ге дейін қысқартуға шақырды. 2017 жылдың шілдесінде Макрон, егер реформа жобасы Сенаттың өкілеттігін алмаса, ол жалпыхалықтық референдумда шығарылады деді .

Дереккөз: Baq.kz

5 сәуір 2018, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.