Мәскеудің шығысындағы "Персей для детей" сауда орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды РИА Новости.
Зардап шеккендер бар екені белгілі болды, олардың саны әлі белгісіз. Сауда орталығындағы адамдар құтқару баспалдағымен шығарылып жатыр.
Өртке қатысты әзірге басқа ақпарат жоқ.
Бұдан бұрын Кемерово қаласында осыған ұқсас оқиға болып еді. 25 наурыз күні "Зимняя Вишня" сауда ойын-сауық орталығы өртенді. Өрт бірнеше кинозал мен балалар ойын алаңдары орналасқан жоғары қабаттан шыққан. Тілсіз жау 64 адамның өмірін жалмады, оның 41-і – балалар.
Дереккөз: sputniknews.kz