Германияның Дуйсбург қаласында екі пойыз соқтығысып, 30 шақты адам жараланды.
Екеуі ауыр халде ауруханаға түскен. Дерек бойынша пойыздар туннель ішінде соқтығысқан. Әзірге апат себептері белгісіз. Жергілікті билік тексеруді бастады. Оқиға орнында тәртіп сақшылары мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.
Оливер Титманн, Өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы:
- Ең бастысы адам шығыны жоқ. Вагон ішіндегілер жарақат алған. Миы шайқалған. Алайда өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ.
Дереккөз: 24.kz