Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев елдегі Социал-демократиялық партиясының съезінде (СДП) партия басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті басылымдардың хабарлауынша Алмазбек Атамбаевтың партия басшылығына келуі жаңалық бола қоймады. Себебі, ол президенттік қызметін босатқан кезде бұл туралы ескерткен. Алайда, А.Атамбаев өз сөзінде жоғары саяси қызметте жұмыс істеуді көздемейтінін, дәлірек айтсақ спикер немесе премьер-министр болмайтынын қадап айтқан.
СДП-ның жаңа басшысы ретінде А.Атамбаев Бішкекте өткен баспасөз конференциясында алғаш рет көпшілік алдында сөз сөйледі. Өз сөзінде экс-президент бүгінгі мемлекет басшылығындағы Сооронбай Жээнбековқа барынша қолдау көрсететінін айтқан.
Айта кетейік, Алмазбек Атамбаев басқарып отырған СДП парламенттік көпшілікке ие.
Дереккөз: Baq.kz