Астана қаласындағы «Жастар» сарайында мүмкіндігі шектеулі жандардың IV «Шексіз шығармашылық» атты фестивалі өтті. Оған Атырау, Павлодар, Астана, Қарағанды, Семей, Екібастұз, Ақмола қалаларынан келген жеке орындаушылар мен өнер топтары қатысты.
Облысымыздың абыройын «Өмір гүлі» шығармашылық орталығының өкілдері қорғады. Байқау қорытындысы бойынша Ерлан ЖҰМАБАЕВ «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша ІІІ орынға лайық деп танылса, Айжан ӨТЕПҚАЛИЕВА өзінің авторлық өлеңін мәнерлеп оқып, арнайы алғыс хатқа ие болды. Бақытжан ҚИЯҚБАЕВ пен Сандуғаш ЖҰБАНЫШҚАЛИЕВА вокалдан дипломант атанды. «ЖАСА» вокальды-инструментальдық ансамблі «Ең үздік» арнайы номинациясымен марапатталды.
Марта ТӨЛЕГЕНОВА
Х. Досмұхамедов атындағы АМУ студенті