Атырау, 29 қараша 20:42
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

YouTube штаб-пәтерінде белгісіз бір әйел атыс шығарды

Бейнежазба
2 390 просмотра


АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Бруно қаласында YouTube видео қызметінің штаб-пәтерінде белгісіз бір әйел атыс шығарды, салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.

Атыс туралы хабарды осы компанияда жұмыс істейтін Беларусь тумасы Вадим Лаврусик жеткізген.  

"YouTube штаб-пәтерінде қаруланған адам жүр. Жұмыс орнымда отырып, атылған оқ үнін естідім, адамдар қашып жатты. Әріптестерімізбен бөлмеде жасырынып отырмыз", — деп жазды ол.

Алғашқы ресми деректерге сүйенсек, төрт адам зардап шегіп, бір адам қаза тауыпты, ал атыс шығарған әйел адам өз-өзіне қол салған.

АВС телеарнасы хабарлағандай, оқиғаның терроризмге қатысы жоқ, тұрмыстық себептерден болған.


Дереккөз: sputniknews.kz

4 сәуір 2018, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.