Атырау, 29 қараша 20:54
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Израиль босқындарды қабылдаудан айнып қалды

1 549 просмотра


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху БҰҰ Жоғары комиссиясымен жасасқан келісімшартты арадан бірнеше сағат өтпей-ақ бұзғанын жариялады. 

Аталған келісімшарт бойынша, Израиль 16 мың босқынды қабылдап алуы керек болатын. БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссары басқармасымен жасасқан келісімшарт үшін ауыр сынға қалған Израиль премьер-министрі Нетаньяху, 

Тель-авивтің оңтүстігіндегі отандастарының сөзін тыңдағанын, олармен және Ішкі істер министрлігімен кездескеннен кейін аталған келісімшартты қайтадан қарауға алатынын мәлімдеді. 

Келісімшартқа сәйкес, Израильдегі 16 мың 250 шақты африкалық босқынның Канада, Германия немесе Италия сынды дамыған елдерге жіберілетіні, осының орнына Израильдің Африкадан келетін жаңа босқындарды қабылдауы керек еді. 

Тағы да өзге мәліметтер бойынша, АҚШ пен Швейцияның да осы босқындардың бір бөлігін қабылдайтыны белгілі болды.

Дереккөз: “The Qazaq Times

3 сәуір 2018, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.