Атыраудағы Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда облыстық ақындар айтысы өтті. Сөз додасына 16 ақын қатысып бақ сынады. Кіші өнер академиясының ақындық өнер сыныбының мұғалімі Өнербек ДӘУЛЕКЕНОВ орамды ой, сауатты сөз саптауымен ерекшеленді және бас жүлдеге ие болды.
Айтыс қорытындысы бойынша индерлік Жәнібек САДЫРОВ бірінші, Исатайлық Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ пен қызылқоғалық Ануар САДЫҚОВ екінші орынды иеленді. Жылыойдан келген Ғалымбек МҰСТАФА, махамбеттік Серік ҚОЙШЫҒҰЛОВ, атыраулық Бимырза ӘБІЛҚАЙЫР 3-ші орынды қанағат тұтты.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Сурет автордікі