Ағаштарда жапырақтар пайда болмай жатып, қысқы ұйқыдан оянған жапырақ жегілер Атырауға қожалық етуді бастап кеткен.
Мен бұл зиянкестерді асүйде көрген кезде бірден таныдым. Өйткені, олардың өсімдіктерімізге ауыз салғаны биыл ғана емес.
- Қазір қалада күн жылынып, бүршіктер бөрте бастады. Фитосанитариялық жұмыстарды қазірден бастау керек, бірақ былтырғыдай, қалалық билік мердігерді анықтауға қатысты кешіктіріп жатыр, - дейді өткен жылы облыс орталығындағы ағаштарды өңдеумен айналысқан ақтөбелік «Дезинфекция» шағын кәсіпорнының басшысы Дәурен ТАУАСАРОВ.
«AЖ» тілшісі қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне биылғы жылғы тендер туралы сауалдар жолдаған болатын, бірақ жауап келген жоқ.
Естеріңізге салсақ, өткен жылы қарағаш жапырақтарының 100 пайызын дерлік жапырақ жегілер жалмап тастаған еді.
Өткен жылдың наурызында жасыл-желектерді қалпына келтіру үшін коммуналдық қызметкерлер ағаштарды қатты қырқып, осылайша қала тұрғындарын абыржытып тастаған болатын.
Анастасия АЛЮШИНА
Суретті түсірген автор