Атырау, 14 желтоқсан 22:51
 бұлттыВ Атырау -6
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Илон Масктың әзілінен кейін Tesla-ның акциялары төмендеді

1 896 рет қаралды


2 сәуір күні компания басшысы Илон Масктың әзілі мен кісі өліміне себепші болған жол-көлік оқиғасынан кейін Tesla акциялары 5 пайызға арзандады, деп хабарлайды korrespondent.net.

Дүйсенбідегі Нью-Йорк қаржы биржасының нәтижесі бойынша Tesla компаниясының акциялары 5,1 пайызға арзандады. Бір данасының құны – 252 доллар.

Акциялардың арзандауына компаниямен байланысты оқиғалар себепші. Естеріңізге сала кетсек, 23 наурыз күні Tesla Model X автопилот режимінде апатқа түсті. Оқыс оқиғадан автокөлік өртеніп, ауыр жарақат салдарынан жүргізуші қайтыс болды.

25 наурыз күні компания S моделіндегі 123 мың седан рөлінің гидрокүшейіткішінде ақау барын хабарлады. Кейін халықаралық Moody’s агенттігі Tesla рейтингін төмендетті.

Жалпы, Tesla-ның капитализациясы 15 млрд долларды құрайды.

Дереккөз: 7kun.kz

3 сәуір 2018, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.