Ақ үй басшысы Дональд Трамп демократтармен «ДАКА» бағдарламасы бойынша келіссөздер жүргізбейтін болды. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жариялады.
Оның айтуынша, шекарашылар демократтар шығарған қисынсыз заңның кесірінен босқындар легімен күресті ойдағыдай жүргізе алмай отыр.
Айта кетейік, «ДАКА» – АҚШ-қа бала күнінде, яғни жасы 16-ға толмай тұрып көшіп келген заңсыз мигранттардың құқығын қорғап, 2 жылға депортацияламай, жұмысқа орналасу мүмкіндігін беретін бағдарлама.
Сонымен қатар Дональд Трамп: «Eгер де Мексика билігі заңсыз босқындар легімен күресу үшін тиісті шаралар қолданбаса, Вашингтон солтүстікамерикалық еркін сауда аймағынан, яғни НАФТА-дан шығады», – деп басып айтты.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
– Мексика бізге көмектесуі керек. Қазір бұл елдің билігі айтарлықтай жұмыс атқарып жатыр деп айта алмаймын. Мексика мен Құрама Штаттарға ағылған босқындар легімен айналысып жатқан жоқ. Тіпті жете мән беріп отырған жоқ. Босқындар осы олқылықты пайдаланып, «ДАКА» бағдарламасына іліккісі келеді.
Дереккөз: 24.kz