Атырауда жол бойынан қоқыс контейнерлерін жиі көруге болады. Оларды бұлай орнату заңды ма? Оның үстіне кейбір тұрғындар дөңгелекті контейнерлерді өздеріне қолайлы жерлерге апарып қояды.
- Көріп отырсыз, контейнерлерді жолдың ортасына қойып қойғанын. Бұл, әсіресе, қоқыс шығарған кезде балалар мен қарт адамдар үшін қауіпті, оның үстіне, иттер мен сиырлар да бұл қоқысты жолға шашып кетеді, - дейді Гагарин көшесінің тұрғыны Диана АСЫЛБЕКОВА.
Комментарий алу үшін біз «Арнаулы автобаза» ЖШС-не жүгіндік, бұл мемлекеттік кәсіпорын мұнай астанасының көшелерін санитарлық тазартумен айналысады.
Арайлым ТАСИМОВА, заңгер:
- Қалалар мен елді-мекендердің аумағын абаттандыру туралы типтік ереженің 29-тармағында көшелерде қоқыс жәшіктері бір-бірінен кем дегенде 50 метр қашықтықта орнатылады деп айтылған.
Ықшамаудандар мен кварталдардың тұрғын үй аймақтары 2015 жылғы 24 ақпандағы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың» 5-тармағының талаптарына сәйкес, қоқыс контейнерлеріне арналған алаңдармен жабдықталады. Жол бойындағы қоқыс контейнерлері осы ережелерге сай келеді.
Фархат ӘБІЛОВ
Суреттерді түсірген автор