Атырау, 26 қараша 09:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Әлеуметтік» газ қайда кетіп жатыр?

2 467 просмотра

Көрнекі сурет

Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Ресейге «Құрманғазы» шекаралық бекеті арқылы жалған құжаттармен 29 тонна сұйытылған газды алып өтпек болған РФ азаматтарын – Дағыстан тұрғындарын ұстады.

Экономикалық тергеу қызметіндегі ақпарат көздері хабарлағандай, осы факт бойынша ҚР ҚК 197-бабының 1-тармағы (Мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жорамалы бойынша, күдіктілер Жылыой ауданындағы компаниялардың бірінен Ресейге үстеме бағамен қайта сату үшін жергілікті нарыққа және әлеуметтік мұқтаждықтарға арналған сұйытылған газды сатып алған.

Фархат ӘБІЛОВ

2 сәуір 2018, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.