Атырау, 26 қараша 09:19
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Global Oil & Gas Atyrau халықаралық көрмесі сәуір айында басталады.

PR
3 394 просмотра


Мұнай-газ саласының мамандары көрме орталығында өтетін Global Oil & Gas Atyrau 2018 – «Атырау мұнай және газ» Солтүстік Каспий аймақтық көрмесіне 17-рет жиналады.

Теңізшевройл, NCOC, Ембімұнайгаз секілді Қазақстанның жетекші компаниялары – 17 жыл бойы Global Oil & Gas Atyrau көрмесінің тұрақты қатысушылары.

Теңізшевройл өзінің 25 жылдық мерейтойын осы жылы атап өтпек және өзінің қатысу шеңберінде ТШО компаниясы кеңейтілген көрме экспозициясын ұсынады, компания қызметінің түрлі аспектілерін қамтитын бірқатар семинарлар мен презентациялар өткізеді.

 Осы жылы келушілер мен қатысушылар санының өсу үрдісі байқалады: қазіргі сәтте (2018 жылғы ақпан) Қазақстан, Ұлыбритания, Беларусь, Ресей, Австриядан 50-ден астам компаниялар өз қатысуын растады, олардың ішінде 15 экспонент Global Oil & Gas Atyrau көрмесінде өз өнімдерін бірінші рет ұсынады. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34%-ға жоғары.

Көрменің тақырыптық бөлімдері қатысушы компаниялардан түрлі бағыттағы презентациялар мен оқу семинарларын қамтиды. Мысалы, NCOC консорциумы 2017 жылға тұрақты даму туралы есеп береді, «Ембімұнайгаз» АҚ спикерлері мұнай өндіру үдерісінде геологиялық барлау және цифрландыру мәселелерін талқылайды. Семинарлар жаңа ашық форматта екі семинар бөлмесінде өтеді.Семинар аймағы бойынша серіктес - бұл іс-шараға алғаш рет қатысатын Каспий құбыр консорциумы.

Global Oil & Gas Atyrau - бұл Солтүстік Каспий аймағының ең ірі іскерлік алаңы болып табылады. Атырау Қазақстанда негізгі өнеркәсіптік орталық болып табылатынын және Дүниежүзілік энергетикалық қалалар серіктестігі (WECP) тізіміне кіретінін естеріңізге сала кетейік. «Атырау облысы ел экономикасында стратегиялық рөл атқарады. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ойлау маңызды міндет болып табылады. Осыған байланысты, негізгі операторлар, сервистік компаниялар, халықаралық мұнай-газ компанияларының өкілдері, әлеуетті инвесторлардың қатысуымен көрме өткізу өте маңызды және қажет»,  - деді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Global Oil & Gas Atyrau көрмесіне Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз»Ұлттық компаниясы» АҚ, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы, сондай-ақ, «KazService» Қазақстанның сервистік компаниялар одағы ресми қолдауын көрсетеді.

Global Oil & Gas Atyrau 2018 көрмесінің ұйымдастырушысы - қазақстандық көрме компаниясы Iteca Plc және оның халықаралық серіктесі ITE Group Plc (Ұлыбритания).

Күні және уақыты:

10 сәуір сағ.10:00

Өткізілетін жері:

Атырау қ.

Әбілқайыр хан даңғ., 79

Көрме орталығы

2 сәуір 2018, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.