Атырау, 20 ақпан 15:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

​АҚШ Сириядан таяу арада кетеді - Трамп

2 108 рет қаралды


Америка президенті Дональд Трамп Ричфилдте сөз сөйлеу кезінде АҚШ-тың Сириядан кетуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды RT. 

Дональд Трамптың айтуынша, АҚШ мұндай қадамға ДАИШ террористік ұйымы талқандалған соң барады. 

"Біз ДАИШ-тың жынын қағып аламыз, таяуда Сириядан кетеміз. Енді бұл жайлы басқа адамдар ойласын", - деді Трамп.

Сондай-ақ, Трамптың осыған дейін Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефонмен сөйлесу барысында ДАИШ-ты толықтай жеңу қажеттігі жайлы айтқаны айтылады. 

"Трамп екі тараптың да бір мақсаты болуы керектігін айтып өтті. Ол ДАИШ-ты жеңіліске ұшырату", - делінген Ақ үйдің мәлімдемесінде.

Дереккөз: tengrinews.kz

30 наурыз 2018, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.