Атырау, 29 қараша 18:38
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Кемеровода болған өрттен кейін шенеуніктер қызметтерінен босатылды

2 209 просмотра


"Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен кейін шенеуніктер қызметтерінен босатыла бастады. Кемерово облысы губернаторының орынбасары Алексей Зеленин қызметінен кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап.

Қызметінен босатылған Алексей Зелениннің орнына Кемерово басшысының орынбасары болып Ольга Турбаба тағайындалды. Сондай-ақ, аймақтағы ішкі саясат департаментінің басшысы Нина Лопатинаның қызметінен қуылғаны белгілі болды.

"Интерфакс-Сибирь" басылымының хабарлауынша, мұндай шешімді Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев қабылдаған. Лопатинаның орнына Валентина Назимок келді.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы ресми мәліметтерге сәйкес 64 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Күні кеше Кемеровода митинг болып, тұрғындар облыс басшысының отставкаға кетуін талап еткен-ді.

Дереккөз: Baq.kz

29 наурыз 2018, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.