Бірнеше күнде Батыс елдерінен 130-дан астам Ресей елшілері шығарылды. Дүйсенбіден басталған бұл істе АҚШ, Еуроодақ елдері бар, олар Ұлыбританияға қолдау білдіруде. Лондон Мәскеуді «Ресей арнайы қызмет экс басшысын жүйке-паралитикалық газбен улады» деп айыптап отыр. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі cbsnews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Кремль дүйсенбіден бастап елшілерді қудалап жатқан мемлекеттерге жауап беретінін мәлімдеді. Ресейдің бұрынғы тыңшысын Ұлыбритания тарапы Солсбери қаласында улап, енді жауапкершіліктен қашып отыр дейді. Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл улау операциясына Британия арнайы қызметінің қатысы бар деп айыптады. Яғни, Лондон әділетсіз, арам ойын жүргізіп отыр дейді Кремль. Ал Британия шенеуніктері бұл сөзді жоққа шығарып, негізсіз айып деп санайды.
Ұлыбритания тарапы Мәскеуді айыптағанымен, дәлел ретінде ешнәрсе көрсете алмады. Сондықтан Мәскеу Лондонды «ірі саяси арандату ойынын жүргізуде» дейді.
Песков кеше журналистерге «Ұлыбританияны қолдаған мемлекеттер үшін ескертемін. Бұл дәлелсіз айып болғандықтан, Лондонды қолдаудан бұрын, ойланып алуларыңыз керек еді. Яғни, Ресейдің Солсбери ісіне еш қатысы жоқ» деді. Кремль хатшысы сондай-ақ, Мәскеудің АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесуге дайын екенін, Ресей есігінің ашық екенін айтты. «Президент Трамп Путинмен саммит өткізуге қызығушылық танытып отыр. Жуырда ғана өткізілген сайлауда жеңіске қол жеткізген Путинді Трамп мырза телефон арқылы құттықтады» деді Песков.
Еске сала кетейік, Ұлыбритания Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияға жасалған қастандыққа Ресейді тікелей кінәлап отыр. Ол үшін жүйке-паралитикалық агент уы қолданылды дейді Лондон. «Новичок» деп аталатын у Ресейде әзірленген деген ақпарат таратты.
30-ға жуық мемлекет 130-дан астам Ресей елшісін өз елдерінен қуып, Британияға қолдау танытқан. Ресей бұл мемлекеттердің әрекетін «дөрекілік» деп америкалық бопсалауға түскендіктен осы елдер бірауыздан қарсы шықты деп отыр. Және алдағы уақытта жауап беріп, өш алатындарын айтты.
Дереккөз: Baq.kz