Атырау, 29 қараша 18:22
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​КХДР Америкамен диалогқа дайын

1 767 просмотра


Корей Халық Демократиялық Республикасы корейаралық қатынастарды татуластық пен ынтымақтастыққа айналдыруға ниетті. Бұл туралы мемлекет басшысы Ким Чен Ын Қытайға бейресми сапары барысында мәлімдеді. 

Сондай-ақ ол АҚШ-пен жоғарғы деңгейдегі кездесуге және диалогқа дайын екендігін жеткізді. Сапар барысында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен жүздесіп, тараптар Корей түбегіндегі жағдайға байланысты келіссөздер жүргізді. Сапар бейресми болғандықтан әу баста бұған байланысты таратылған ақпараттар «мүмкін», «ықтимал» деген болжамдарға құрылды.  Ал ресми мәліметтер бойынша, Солтүстік Корея елінің басшысы Қытайға өткен жексенбіде келген. 

Бүгін, 28 наурыз күні де осында жүр деседі. Ким Чен Ын мен оның жұбайы Ли Соль Чжу Си Цзиньпинді ҚХР төрағалығына қайта сайлануымен құттықтаған. Соған орай «арнайы өз атымнан жеке құттықтағым келді», – деді Ким Чен Ын.

Ресми Бейжің солтүстіккореялық қонақтардың құрметіне салтанатты дастархан жайды. Бүгін қытайлық ресми ақпарат құралдары жариялаған мәлімет бойынша, Си Цзиньпин Пхеньянның ниеті мен Корей түбегіндегі жағдайды шешуге деген ұмтылысын жоғары бағалады. 

«Біз барлық тараптарды Корей елдері арасындағы жағдайды жақсартуды қолдауға шақырамыз. Бейбіт келісімдер жүргізу үшін нақты қадамдар жасауымыз тиіс», – деді Си Цзиньпин. Ал Пхеньянь болса АҚШ-пен жоғары деңгейдегі кездесуге және диалогқа дайын екендігін айтты. Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның корей елдері арасындағы қатынасты ымыраға келтіріп, әріптестік орнатуға бел байлап отырғандығын жеткізді. Сонымен бірге екі ел басшыларының қатысуымен саммит өткізбек ниетте. «Біздің кезекті бағдарымыз түбектегі ядролық қарусыздануды қолдау», – деген Ким Чен Ын. 

Естеріңізге сала кетейік, Ким Чен Ын Солтүстік Корея елінің билігіне 2011 жылы өз әкесі Ким Чен Ир қайтыс болғаннан кейін тағайындалды.

Дереккөз: 24.kz

28 наурыз 2018, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.