Атырау, 29 қараша 18:29
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Скрипаль ісі: Түркия Ресей дипломаттарын елден шығарудан бас тартты

2 293 просмотра


Түркия БТБ-ның бұрынғы полковнигі Сергей Скрипальдің улануына байланысты Ресей елшілерін елден шығарудан бас тартты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Bloomberg порталына сілтеме жасап.

Батыс елдері Сергей Скрипальдің улануына Мәскеу кінәлі деп есептейді.

Түркияның премьер-министрі Бекир Боздагтың айтуынша, қазіргі таңда Анкара мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас жақсы екен. Сондықтан Түркия билігі Кремльге қарсы шаралар қолданбайтынын жеткізді.

АҚШ, Канада және бірқатар Еуропа елдері БТБ-ның бұрынғы полковнигі Сергей Скрипальдің улануына Ресейді кінәлап, «жаза» ретінде ресейлік 100 дипломатты өз елдерінен шығарды.

Bloomberg журналисі Селькан Хакаоглының жазуынша, соңғы уақытта Ресеймен жақсы байланыс орнатқан Түркия билігі бұл процеске қатысудан бас тартқан.

«Қазіргі таңда Түркия мен Ресей арасындағы байланыс жақсы. Түркия Ресейге қарсы қандай да бір шара қолдануды жоспарлап отырған жоқ», - дейді Түркияның премьер-министрі Бекир Боздаг.

Алайда Түркия аталған мәселеге қатысты ортақ позицияға келмеген. Сондай-ақ, Еуропа елдерінің жартысы ресейлік дипломаттарды өз мемлекеттерінен шығармаған. Вашингтонмен өзара тығыз байланыс орнатқан Израильдің өзі мұндай қадамға бармапты.

Еске сала кетсек, Сергей Скрипаль мен оның қызы 4 наурыз күні Солсбери көшесінде ес-түссіз жатқан күйде табылған. Кейінірек, олардың өте күшті затпен уланғаны белгілі болды. Тереза Мэй бұл іске Ресейді ресми түрде айыптаса, Мәскеу өз кінәсін жоққа шығарып отыр.

Басты тергеу басқармасының экс-полковнигі Сергей Скрипальді британиялық мамандардың өзі оп-оңай улауы мүмкін. Себебі британиялықтар А234 затына теңестіретін «Новичок» химиялық қару жүйесін әзірлеу технологиясы тек кәсіби мамандарға қолжетімді. Оны кейін кез келген химиялық корпорация жасай алады. Бұл мәлімдемені «Новичок» әзірлеушілерінің бірі Леонид Ринк Риа Новостиге берген сұхбатында айтты.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп «Скрипаль ісіне» байланысты елден ресейлік дипломаттарды шығарып жіберуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Кеше АҚШ Ұлыбританияда БТБ-ның бұрынғы полковнигі Сергей Скрипальдің улануына байланысты ресейлік 60 депутатты елден шығаруға шешім қабылдады. Бұл туралы Ақ үйдің ресми өкілі мәлімдеді.

Австралия билігі жасырын тыңшы екендері анықталған Ресейдің екі елшісін мемлекеттен шығарды. Ал Жаңа Зеландия мұндай шара қолданбайды.

Дереккөз: Baq.kz

28 наурыз 2018, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.