АҚШ-та винтовка мен оқ-дәрі жасайтын Remington Outdoor Company банкротқа ұшырағанын мәлім етті. Кәсіпорынның мұндай қадамға баруы елдегі қару-жарақтың еркін саудасына қарсы жаппай ереуілдермен тұспа-тұс келіп отыр.
Шеруге Флорида штатының Паркленд қаласында жасөспірімнің бейбіт тұрғындарға винтовкадан оқ жаудырып, салдарынан 17 оқушының қаза табуы түрткі болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Коннектикут штатының Ньютон қаласында оққа ұшып ажал құшқан 26 бала мен мұғалімдердің тума-туысқандар Remington Outdoor Company-ді сотқа берген еді.
«Бұл шағым сауда-саттыққа кері әсерін тигізді», – дейді қару-жарақ кәсіпорны.
Сонымен қатар бірқатар штатта 21 жасқа толғандарға ғана қару-жарақтың кейбір түрлерін сатып алуға құқық берілуі айтарлықтай іркіліс тудырған. Бірақ Дональд Трамп билікке келгелі, керісінше сұраныс артты. Өйткені винтовка не басқа да қару түрін қолданатындардың ойынша, Ақ үй басшысының қару-жарақ саудасына қатысты заңды қатаңдататыны екіталай.
Дереккөз: 24.kz