Атырау, 29 қараша 18:19
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Цукерберг Британия парламентінің алдында түсініктеме беруден бас тартты

1 979 просмотра


Facebook әлеуметтік желісінің негізін салушы Марк Цукерберг қолданушылар мәліметтерінің қолды болуы туралы іске қатысты Британия парламентіне барып түсініктеме беруден бас тартты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Telegraph сайтына сілтеме жасап.

Cambridge Analytica компаниясымен болған жағдайға қатысты тергеу жүргізіп жатқан Дэмиан Коллинз Цукербергті парламентке келіп түсініктеме беруге шақырды. Алайда Facebook Марк Цукербергтің орнына өзге беделді қызметкерлер - Майк Шрепфер мен Крис Коксты жіберуді ұсынған.

"Facebook бұл мәселеге қоғамның және парламент мүшелерінің қызығушылық танытып отырғанын мойындайды. Сондай-ақ, олардың бұл қызығушылықтары орынды екенін де жақсы түсінеді. Және білікті жандармен бұл мәселе жоғары деңгейде шешіледі деп күтеді", - деп жазылған Facebook жауабында.

Reuters басылымының хабарлауынша, Коллинз тек Цукербергтің түсініктемесін тыңдағысы келетінін айтқан.

"Біз Facebook компаниясы өкілдерінен олардың куәлік етуге қаншалықты дайын екендерін анықтап білеміз. Хат алмасу кезінде олардың нақты жауабын түсінбедік. Келісімін берген жағдайда біз диалог жүргізуге әзірміз", - дейді депутат.

Дереккөз: Baq.kz

28 наурыз 2018, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.