Ресей президенті Владимир Путин 28 наурызда Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" сауда орталығындағы өрт құрбандарын аз тұту күні деп жариялады.
Бұған дейін Ресейдің бірнеше аймағында Кемероводағы өрттен ондаған құрбан болуына байланысты қаралы күн жарияланған. Кемеровода бүгін құрбандарды еске алу мақсатында аяқ асты ұйымдастырылған акцияға қатысушылар билікті қаралы күнді "қаза тапқандардың саны анықталғанда ғана жариялады" деп кінәлады. Ресми дерек бойынша, өрттен 64 адам қаза тауып, 40-тан астам адам зардап шеккен.
Сейсенбі күні түске дейін Кемерово қалалық әкімдігі алдында митинг өтті. Шараға қатысқандар қайғылы оқиғаға жауаптыларды жазалап, қаза тапқандардың нақты санын айтуды талап етеді. Қаза тапқандардың туыстары мен өрт кезінде сауда орталығында қамалып қалғандар ресми дерекке сенбейді.
"Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында өрт 25 наурыз күні күндіз басталып, 26 наурыз күні таңертең сөндірілген.
Дереккөз: azattyq.org