Атырау, 29 қараша 18:36
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

АҚШ-та Facebook компаниясына қарсы тергеу басталды

2 175 просмотра


АҚШ-тың федералды сауда комиссиясы әлеуметтік желі жетекшілерінің қолданушылардың жеке ақпаратын қорғауды қалай ұйымдастыратынын тексермек. АҚШ-тың федералды сауда комиссиясы Facebook компаниясына қарсы тергеуді әлеуметтік желі қолданушыларының жеке мәліметтері жария болды деген ақпараттан соң бастады, деп хабарлайды Baq.kz aқпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын Еуропалық сот әділдігі жөніндегі комиссар Вера Юрова Facebook әлеуметтік желісіне қатысты «қатаң шараларды» жариялаған болатын.

Facebook компаниясы Cambridge Analytica британ аналитикалық фирмасы саясаткерлерге сайлауда жеңуге көмектесу үшін Facebook компаниясынан алынған үлкен көлемдегі деректерді теріс пайдаланғандығы анықталған соң сынға ұшырады. Атап айтқанда, бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың және Brexit-кампаниясының сайлау науқанына қатысты.

Еуропа парламенті басшылығы Цукербергті жеке деректерді теріс пайдаланғандығына байланысты шыққан дауға қатысты түсінік беруге шақырды. Сондай-ақ, АҚШ-та Цукербергтің Конгресс алдында жауап бергенін қалайды.

Дереккөз: Baq.kz

27 наурыз 2018, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.