Облыстық мәслихат өз күшін жоғалтқан бұрынғы ереженің орнына «Атырау облысындағы елді мекендердің аумағындағы жасыл-желекті күтіп ұстау және қорғау ережелерін» бекітті.
Атап айтқанда, алғаш рет фитозиянкестер мен ауруларды анықтау бойынша міндетті түрде орман патологиялық сараптама жүргізіледі. Барлық ағаштар тексеріліп, типтік ережелерге жалғанған арнайы форма бойынша тізілімге тіркелуі тиіс. Егер бұта немесе ағаш ауруларға 50% -дан жоғары сезімтал болса, ол дереу шабылуы тиіс.
Жаңа ережелерде заңды және жеке тұлғалардың объектілерінде шабылған ағаштар үшін өтем ретінде ағаш отырғызу туралы толық параграф бар. Өтемдік 5 есе ағаш отырғызу ағаштарды шапқан кәсіпорын мен азаматтардың есебінен жүргізіледі. Көшеттер өліп қалған жағдайда бұл тұлғалар оның орнына 5 көшет отырғызып, оларға кем дегенде 2 жыл бойы күтім жасауы тиіс.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ