Атырау, 14 желтоқсан 21:36
 бұлттыВ Атырау -7
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​Кемероводағы өрттен қаза тапқан 25 адамның мәйіті танылды

1 771 рет қаралды


Ресейдің Кемерово қаласында өрттен қаза тапқан 64 адамның 25-інің денесі танылды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова хабарлады. 

Жеке тұлғасы анықталған 25 марқұмның 13-і – төрт пен он үш жас аралығындағы балалар. Бүгін таңертең Кемеровоға сот-медициналық орталығының мамандары келді. Олар қайғылы оқиға болған жерде генетикалық зерттеу жүргізбек. 

«Ауруханада емделіп жатқан күйік шалған 15 адамның 13-інің жағдайы жақсарып келеді», – дейді дәрігерлер. 

Айта кеткен жөн, отқа оранған сауда орталығындағы құтқару-іздестіру операциясына 297 адам жұмылдырылған. 

Ал елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері ғимаратта қайта монтаждау жұмыстарын жүргізу мамандар өміріне қауіпті екенін алға тартып отыр.

Дереккөз: 24.kz

27 наурыз 2018, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.