Атырау, 14 желтоқсан 21:38
 бұлттыВ Атырау -7
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Сергей Мавроди қайтыс болды – БАҚ

2 222 рет қаралды


Мәскеудің Боткин ауруханасында «МММ» қаржы пирамидасының құрушысы Сергей Мавроди қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Mash Telegram-каналына сілтеме жасап.

Сергей Мавроди бүгін түнде ауруханаға жатқызылды. Ол жүрек талмасы ұстап таңғы сағат 06:40-та (Астана уақытымен 09:40) көз жұмды. Оның мүрдесі сот моргына жіберілді.

Сергей Мавроди – «МММ» акционерлік қоғамының құрушысы. Аталған қаржы пирамидасы салдарынан көп адам зардап шеккен.

Мавроди МММ компаниясын 1992 жылы құрды. Аз уақыт ішінде асқан танымалдылыққа ие болып, Ресейдегі ірі пирамидалар қатарына қосылды.

Дереккөз: Baq.kz

26 наурыз 2018, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.