Сауд Арабиясының зымыранға қарсы қорғаныс күштері Йемен аумағынан ұшырылған жеті зымыранды жойды, деп хабарлады SPA агенттігі. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі жазды.
Ұшырылған зымыранның үшеуі ел астанасы Эр-Риядқа соққы беруді көздеген.
Осы ретте, атыс пен шабуылды тойтару кезінде Сауд Арабиясының аумағында бір Мысыр азаматының қаза болғаны туралы айтылады. Сонымен қатар, тағы екі адам жарақат алған. Олар да Мысыр азаматтары, деп хабарлады журналистерге йемендік көтерілісшілерге қарсы халықаралық каолицияның ресми өкілі Түрки әл-Малки.
Бақылаушылардың айтуынша, бұл атып түсірілген зымыран бөлшектерінің тұрғын аудандарға құлауынан болуы мүмкін.
Дереккөз: today.kz