Атырау, 14 желтоқсан 21:34
 бұлттыВ Атырау -7
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​Кемеровте 53 адам қаза болған өртке қатысты сауда орталығының басшылығы ұсталды

2 031 рет қаралды


Кемеровтегі сауда орталықтарының бірінде болған төтенше жағдай дерегі бойынша 4 адам ұсталып, олардан жауап алынып жатыр. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта өрттен 53 адамның қаза тапқаны расталды. 

"Тергеу шаралары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс аясында 4 адам ұсталып, олардан жауап алынып жатыр. Олардың ішінде сол ғимаратты жалға алушы да бар. Сонымен қатар, басқарма компанияның басшысы ұсталды. Қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады Тергеу комитетінің өкілдері. 

Еске сала кетейік, төтенше жағдай туралы хабар 25 наурызда түскі уақытта келіп түскен.  Өрт жоғарғы қабаттан шыққан. Өрт аумағы - мың жарым шаршы метр.

Дереккөз: tengrinews.kz

26 наурыз 2018, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.