Атырау, 26 қараша 09:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Президенттен де мықты

Сурет
4 857 просмотра


Балықшы тұрғыны өзіне емес, мемлекетке – халыққа тиесілі Жайық жағасына гараж, жел генераторы, катерлерге арналған тұрақ, тіпті, жеке айлақ салған. Бірнеше жылдан бері бір адамның қалайша көршілерінің басын қатырып, жергілікті билікті алдап келгені туралы хикая 2013 жылы жағалаудағы ескі автобусты көлденең қойып, құрылысшыларға бекітілген жоба бойынша жағалауды абаттандыруға мүмкіндік бермеген кезде басталған еді.

Сисенбай ЖИЕНҚҰЛОВТЫҢ үйі жағалауда Байжігітова, 1 мекенжайында орналасқан, тек оның учаскесінің жанынан өтіп қана өзенге баруға болады. Оның үйі мен учаскесі дуалмен қоршалған, бірақ ол жағалау аумағын да өзімдікі деп есептейді. Жайықтың су қорғау аймағын ол кезінде көршілерінен үлкен әрі қабаған иттермен қорғаған, велосипедшілер мен арба сүйреген аналар үшін биік жиектастар орнатқан, ескерту жазылған белгілер, сондай-ақ, жасыл-желекті қоршаулар, тіпті, шлагбаум да орнатқан.

Содан бері 5 жыл өтті. Жағалаудың келбеті түбегейлі өзгерді, бірақ жақсы жағына қарай емес. Біріншіден, үй маңындағы жер едәуір кеңігеніне қарамастан, оның аумағы көршісінің жаңа дуалымен едәуір тарылды. Екіншіден, Жиенқұлов жердің қалған бөлігіне үлкен гараж, жел генераторын орнатып, катерлерге тұрақ пен үлкен және кішкентай екі пирс салған. Жалпы, жағалау шынымен де оның меншігіне айналғандай әсер қалдырады.

Байжігітова көшесінің тұрғындары қалалық әкімдікке жүгінгендерінен ештеңе өзгермеген соң, «АЖ» редакциясына хабарласты. Оның үстіне, қызықты факт анықталды: Жиенқұлов енді ресми түрде үйдің қожайыны емес екен.


Атырау облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшығы Гүлзия ҚҰРМАНОВА түсіндірді:

- Тексеруге санкция беру үшін объектінің атын, мекенжайын және тексеру тағайындалған тұлғаның аты-жөнін көрсету қажет. Ал иесі жоқ болғандықтан, тексеру жүргізу мүмкін емес.

Сонымен қатар, көршілердің айтуынша, Жиенқұлов, бұрынғыша, өз үйінде тұрып жатыр және еш қиналмастан су қорғау аймағына құрылыс салуды жалғастырып жатыр. Бүкіл бақылаушы мемлекеттік органдар, неліктен екені белгісіз, айналып өтетіндей оның қандай «құдіретті» адам екенін түсіну үшін, 2008 жылы оның қатысуымен орын алған браконьерлік эпизодты еске түсіруге болады.

2014 жылы облыстық әкімдік жұртшылықты тыңдап, Атыраудағы президент резиденциясы деп аталатын ғимараттың жанындағы жағалаудан кереге көзді қоршауды алып тастағанын еске түсіру де артықтық етпейді. Астананың өзінде де қала тұрғындары мен қонақтары Ақорда жанындағы Есіл жағалауымен емін-еркін серуендеп жүреді. 

«АЖ» редакциясы

26 наурыз 2018, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.