Атырау, 29 қараша 18:32
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Каталония тәуелсіздігі үшін күрес немесе экс-президент Германияда ұсталды

2 050 просмотра


Каталонияның бұрынғы президенті Карлес Пучдемонды соттауға еуропалық ордер құқығы жарияланғаннан кейін неміс полициясы оны қамауға алды. Белгілі болғаны, экс-президент Испанияда бүлік шығарып, одан кейін Дания, Бельгия мемлекеттері арқылы Германияға қашқан. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Пучдемон неміс сотының алдында бүгін, дүйсенбі күні жауап береді. Экс көшбасшының мыңдаған жақтаушылары Барселонада жиналып, оның сотталуына қарсылық танытып жатыр. Испанияда тағылған айып Карлес мырзаны 30 жыл бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Еске салайық, қазан айында Каталония парламенті Испаниядан бөлініп шығып, өз тәуелсіздігін жариялаған болатын. Содан бері Пучдемон Бельгияда қашып жүрген. Ол өткен аптада Финляндияға сапар шеккен, бір қызығы, ол жоғарғы оқу орнына барып, дәріс оқуға талпынған. Алайда фин тәртіп сақшыларынан сытылып кеткен.

Қазіргі таңда экс басшы солтүстік Германиядағы Ноймюнстер түрмесіне орналастырылды. Бүгін оның сотта бет көрсетуі міндетті, алайда, сот процесі соңғы нәтиже шығарғанша, оның түрмеден босатылуы да мүмкін. Неміс тәртіп сақшылары Пучдемонның Даниямен шектесіп жатқан Шлезвиг-Гольштейн елді мекенінде ұсталғанын айтты.

Барселонада мыңдаған адам көтеріліске шығып, неміс елшілігінің алдына жиналды. Олар «Еуропа ұятқа қалды!», «саяси тұлғаға бостандық бер!» ұрандарымен Пучдемон мэр болған Жирон қаласында да өз наразылықтарын білдіруде. Каталония шенеуніктері Пучдемон сотталғаннан кейін жаңа басшы Джорджи Турулланы президенттікке ұлықтау рәсімінен бас тартты.

Айта кетейік, референдумнан кейін Мадрид Үкіметі каталониялық жергілікті Үкімет жұмысын тоқтатып, тікелей басқару құқығын қолға алды. Дегенмен, Каталонияда тәуелсіздікті жақтаушылар көп. Испания соты желтоқсан айында Пучдемон және өзге де каталондық саясаткерлерді соттаудың халықаралық ордеріне ие болды. Қазіргі таңда Каталония экс Білім министрі Клара Понсати іздестірілуде. Ол Шотландияның Сент-Эндрюс университетінде жұмыс істейді екен, тәртіп сақшыларына берілуге дайын екенін мәлімдеген.

Карлес Пучдемон 55 жаста, журналист ретінде Каталония тәуелсіздігі үшін күрескен БАҚ-тың бірінде жұмыс істеген. Каталония Ақпарат агенттігін басқарған. Саясатқа қадам басқан соң депутат, одан кейін Жирон қаласының мэры қызметтерін атқарған. 2016 жылы Каталония президенті орынтағына жайғасты. Арада бір жыл өткен соң елде референдум өткізіп, тәуелсіздік жариялаған. Қашқында жүрген кезінде Бельгия телевидениесіне өзінің «шын соттан» емес, «Испанияның бұрмаланған құқық жүйесінен» қашып жүргенін мәлімдеген.

Дереккөз: Baq.kz

26 наурыз 2018, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.