Атырау, 26 қараша 09:22
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атыраудағы жаһандық жылыну

2 961 просмотра


«Соңғы кездері жаһандық жылыну туралы көп айтылып жүр. Біздің өңірде орташа жылдық температура көтеріле ме?» - деп сұрады Атырау қаласының тұрғыны Болат. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылы мұнай астанасындағы орташа температура +9,2°С болған.

Метеорологтар облысымыздағы климаттың біртіндеп жылынып жатқанын бақылап отыр. 1976 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан бақылау жұмыстары бойынша, Атыраудағы орташа жылдық температура әр 10 жыл сайын  0,48° С-ге (Қазақстан бойынша орташа температура 0,28° С-ге) көтеріліп отыр.

Атыраудағы (Гурьевтегі) ауа-райы жазбалары 1878 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ауаның ең жоғарғы температурасы 1911 жылы +46°С болып тіркелді. Содан бері бұл рекорд өзгерген емес. ХХІ ғасырда 2011 жылы Қызылқоға ауданының Қарабау ауылында анағұрлым ыстық болып, термометр +44,7° С көрсетті. ХХІ ғасыр басталғалы ең суық қыс бізде 2014-2015 жылы, ең қарлы қыс – 2015-2016 жылы, ең жауын-шашынды ауа-райы 2013 жылы тіркелді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 наурыз 2018, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.