Атырау, 20 мамыр 01:38
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Су тасқыны: 9 облыста дабылды ескерту жарияланды

5 291 просмотра


"Қазгидрометтің" болжауынша, алдағы күндері Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар,  Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облысында су тасқыны болады. 

26-30 наурызда Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында, ал 26-27 наурызда Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында күн жылынып,  қардың еруіне байланысты кейбір өзендерде су деңгейі көтеріліп, арнасынан асуы мүмкін. 

25-30 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында күн жылынып, жауын-шашын түсуіне байланысты кейбір өзендер арнасынан асып, судың жайылу қаупі бар. 25 наурызда Ақтөбе облысында қатты жаңбыр жауады.

26 наурызда ауа температурасы одан әрі жоғарылауына байланысты Сырдария өзенінде (Қызылорда облысы) мұз кептеліп, су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін. 

Дереккөз: sputniknews.kz

25 наурыз 2018, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.