Атырау, 29 қараша 18:25
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Трамп трансгендерлерге АҚШ әскерінде қызмет етуге тыйым салды

2 153 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендерлерге әскерде қызмет етуге тыйым салатын меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Бұл құжатты Ақ үй таратты. Президент бұл шешімді қорғаныс министрі мен әскери сарапшылардың кеңесінің негізінде қабылдаған. Меморандумға қарағанда, әскерде "гендерлік дисфорияға" шалдыққан, медициналық көмекке мұқтаж (оның ішінде операция мен медикаменттер) адамдарға қызмет етуге тыйым салады. 

Бұл шешім "әскерилердің тиімділігіне айтарлықтай қатер төндіретіні үшін" шығарылып отыр екен.  

Алайда, меморандум бойынша, белгілі бір жағдайларда трансгендерлерге әскерде борышын өтеуге мүмкіндік жасалуы мүмкін.  Кейбір мәліметтер бойынша, АҚШ әскерінде 1,3 мыңнан 6 мыңға дейін трансгендер қызмет етеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

25 наурыз 2018, 13:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.