Францияның оңтүстігінде полиция қызметкерлері мен азаматтарға жасалған шабуылдан 4 адам қаза тапты, оның үшеуі бейбіт тұрғын болса, біреуі террористтің өзі. Тулуза аймағынан шығысқа қарай адам өлтіріп, көлікті ұрлап қашып бара жатқан қылмыскер бірнеше миль жерден кейін супермаркетке кіріп, адамдарды кепілге алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі cbsnews-ке сілтеме жасап.
Франция Президенті Эммануэль Макрон және премьер-министр Эдуард Филипп бұл оқиғаны террористік шабуыл деп атады. Ал куәгерлер болса, дүкенге кіріп, адамдарды кепілге алған қылмыскерді Ирак немесе Сирия азаматы деп болжаған.
Каркассон қаласынан көлікті ұрлап қашқан ер адамның артынан 4 полиция қызметкері қуалаған. Одан кейін бірнеше миль шығысқа қарай жүрген көлік "Super U" супермаркетіне еніп, бірнеше сатып алушыны кепілге алған.
Франция Ішкі істер министрлігі дүкенде екі адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Бірнеше сағат өткен соң Министрлік пен Франция полиция Одағы офицерлердің дүкенге еніп, күдіктіні дәл осы сәтте өлтіргенін жариялады.
Каркассон қаласында қылмыскер атып кеткен полиция қызметкері ауыр жарақаттанып, өмір үшін күресуде. Франция Ішкі істер министрі Жерар Колломб көлік ұрлау сәтінде бір адамның қаза тапқанын растады. Яғни, осы оқиға салдарынан 3 адам көз жұмды. Ал дүкенде тағы үш азамат оққа ұшып, емханаға ауыр халде жеткізілген.
Макрон көрші Бельгиядан сөз сөйлеп, бірнеше сағатта елге оралатынын, бұл террористік әрекетті Франция прокуратурасы зерттейтінін мәлімдеді.
Тәртіп сақшылары күдіктінің ұсақ қылмыстары үшін бұрын да ұсталғанын, Каркассон қаласында тұрған, 26 жасар азамат екенін айтып отыр. Ол осы оқиғада жалғыз өзі бой көрсетті дейді министр Колломб. Дегенмен, Мароккода туылған күдікті Салах Абдесламды босатуын талап еткен. Абдеслам - 2015 жылы Париждегі концерт залына шабуыл жасаушылардан жалғыз аман қалған қылмыскер. Ол оқиға кезінде 130 бейбіт тұрғын террористік шабуылдан көз жұмған болатын. Жалғыз өзі тірі қалғандықтан, Абдеслам ISIS (ИГИЛ) жақтаушылары үшін жалауға суретін салып алып, ұрандатып жүретін «тұлғаға» айналып кеткен.
2015 жылдың қаңтарынан бастап Францияда бірнеше террористік әрекет орын алып, 240 адам көз жұмды. Түрмеде 5 адам Париж ғимараттарын жару әрекеті үшін ұсталған, сәтсіз әрекет салдарынан темір торға тоғытылып отыр.
Дереккөз: Baq.kz