Бұл жағдайға Атырау облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаменті бастығының орынбасары Әлсейіт САБИРОВ комментарий берді:
- 2015 жылы әкімдіктің қаулысымен бекітілген Атырау облысында коммуналдық қызметтерді көрсету ережесі бар. 3-тармаққа сәйкес, қызмет көрсету жеке келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. 4-тармақта тұтынушылық қасиеттер мен қызмет көрсету режимі, соның ішінде, жылу беру нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуі тиіс екендігі көрсетілген. Бұл тұрғын үйдің жалпы алаңы туралы болып отыр және «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 33-тармағына сәйкес, бұл пайдалы алаң мен балкондардың (лоджиялар, верандалар, террассалар) жиынтығы. Бірақ егер балкон немесе лоджия радиатормен жабдықталмаса, онда осы алаң үшін жылу ақысы алынбауы тиіс.
Кейін анықталғандай, «Томирис» ТК-не ЖЭО қызмет көрсетпейді екен, бұл кешеннің өз жылыту қазандықтары бар. Сонымен қатар, ЖЭО құқық бөлімінен балкондарды жылыту үшін төлемақыны қалай алатынын сұрадық. Бізге жылу үшін төлемақы, шынымен де, ХҚКО-ның пәтер иесіне берген анықтамасына сәйкес, тұрғын үйдің жалпы алаңы бойынша есептелетінін айтты. Алайда заңгерлердің түсіндіруінше, ЖЭО егер балкон (әйнекпен қапталған ба, жоқ па, маңызды емес) жылу радиаторымен жабдықталса немесе балкон мен бөлме арасындағы қабырға алынып тасталған болса (әдетте, бұл қабырғаны ішінара арка түрінде қалдырады) ғана төлемақы алады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ