Атырау, 19 мамыр 16:33
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Трамптың қызы мен күйеу баласы отырған тікұшақтың қозғалтқышы істен шықты

2 026 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трапмтың қызы Иванка мен оның жолдасы Джаред Кушнер отырған тікұшақтың қозғалтышында ақау пайда болып, Вашингтондағы әуежайға қонуға мәжбүр болған. Бұл туралы CNN телеарнасы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды. 

Телеарна мәліметінше, оқиға 15 наурызда болған, алайда ол туралы тек қазір белгілі болған. CNN мәліметінше, Трамптың қызы мен күйеу баласы қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен бірге Вашингтоннан Нью-Йоркке ұшып бара жатқанда қозғалтқыштардың бірі істен шыққан.

Әуежайға қайтып келген Иванка мен Кушнер Нью-Йоркке комерциялық рейспен ұшып барған.  Негізінде олар Манхэттендегі айлаққа қонуды жоспарлаған. Бұл кімнің тікұшағы және олардың Нью-Йоркке неліктен ұшақпен емес тікұшақпен ұшпақшы болғаны белгісіз. 

Дереккөз: tengrinews.kz

19 наурыз 2018, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.